Баспасөз хабарламасы

 139

2019 жылғы 26 сәуірде Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы  «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл  бойынша  жұмыстың  қағидаттары мен басымдықтары»  тақырыбына семинар өткізеді. 

Лекторлар ретінде шақырылды:

  • Рыль Ольга Владимировна, «Құқық» ҚҚ басшысы ( Нұр-Сұлтан қ.);
  • Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы, профессор, философия ғылымдарының докторы (Нұр-Сұлтан қ.);
  • Мадияров Мирхат Мұратұлы, «Шаңырақ» алдын алу, дін мәселелері  бойынша кеңес беру және  оңалту орталығының  басшысы (Алматы қ.);
  • Чингужанов Рауан Жұмабайұлы, теолог¸ республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі ( Алматы қ.).

Семинар-тренингтің мақсаты: діни ұйымдардың  мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мәселелерін талқылау; жер-жерлерде ақпараттық-түсіндіру топтары жұмысының тиімділігін арттыру; кәсіби білімнің және дәстүрлі емес діни ұйымдармен  жұмыс дағдыларының деңгейін арттыру; діни экстремизмнің алдын алу және  таралуына қарсы іс-қимыл бойынша өзекті мәселелерді  талдау;тұрғындардың, әсіресе, мақсатты «проблемалы» топтардың арасында  кәсіби даярлығы бар дін қызметшілерін тарту жолымен  радикалдық діни ағымдарды әшкерелеуге бағытталған  ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыру.