Діндер диалогын кеңейту – уақыттың талабы

 38

Ағымдағы жылғы 12 маусымда Павлодар қаласының Достық Үйінде «Діндер диалогын кеңейту – уақыттың талабы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға облыс дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкәриянов, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Жолдас қажы Бертымұратов, ҚМДБ-ның дін істер және талдау бөлімінің басшысы Нұрбек Есмағанбет, сондай-ақ барлық қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысты.

«Дөңгелек үстелде» облыс діні істері басқармасының басшысы Д.Зәкәриянов «Толеранттылықты қалыптастыру – қоғамдағы діни тұрақтылықтың негізі» тақырыбында баяндама жасады.