Жат идеологиядан сақ болайық

 2008

Соңғы кездерде еліміздің діни ахуалы күрделене түсті. Мұның дәлелі теріс діни ағым қатарына соның ішінде салафизм идеологиясына еніп жатқан адамдардың саны артпаса кемімей отыр. Біздің ойымызша мұның негізгі себептің бірі – халықтың діни сауатының төмендігі.

Ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін жақсы білетін және ата-бабадан бері ұстанып келе жатқан дінінің басты принциптерінен хабардар адам ешқашанда өзге идеологияның ықпалына түспейді. Ол кез-келген жаңа ақпаратты ішкі сүзгіден өзкізіп барып қабылдайды. Теріс діни ағым өкілдері өте белсенді әрекет етуде. Олар ең алдымен адамның әлеуметтік, материалдық жағдайын анықтап, оның отбасында қандай проблемалар бар екенін анықтауға тырысады. Сөйтіп сол проблемалардың шешімін тауып беретіндігіне уәде береді. Сөйтіп өз қатарларын көбейтеді. Бұдан 8-10 жыл бұрын теріс діни ағым өкілдері адамдарға тікелей келіп өз идеологиясын насихаттайтын еді. 2011 жылдың 11 қазанындағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» атты соңғы діни заңнамада белгіленген орындардан басқа жерлерде дінді насихаттауға тыйым салынғаннан кейін бұлар қызмет ету тактикасын өзгертті деуге болады. Олар енді адам тарту жұмысын интернет арқылы жүзеге асыруға көшті. Олар интернеттің барлық мүмкіндіктерін өз мақсаттарына жету жолында тиімді пайдаланып жатқанын байқауға болады. Бұл идеологияның артында білікті психолог, аналитик, IT мамандар жұмыс істеп жатқаны да көзге ұрып тұрады. Экстремизм мен терроризм бабымен сотталып, бас бостандығынан айырылған азаматтардың 90 %-ы теріс идеология қатарына ғаламтор арқылы тартылған. Сондықтан да ел азаматтары өздерінің діни сауатын көтеруге, кез келген жаңа ақпаратқа сыни көзқараспен қарауға дағдылануы керек. Кез келген түйткілдің басты шешім жолы білім, ағартушылық екенін ұмытпауымыз керек.

Тэги: