Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері

 2697

Дәстүрлі емес діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, олардың санасын улайтын, өмірі мен отбасының шырқын шығаратын діни ұйымдар. Оның басты мақсаты – діни ілімнің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған қоғамның әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.

Қазіргі уақытта мемлекетімізде ақпарат құралдарынан беріліп отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысы жайлы мәліметтерге көңіл бөлу біздің міндетіміз. Деструктивті діни ағымдардың қызметі тек жеке тұлғаға зиянын тигізіп қоймай, бүкіл елдің тыныштығын бұзып, кері әсер келтіріп отыр.

Осы жұмыстар белгілі бір әдіс-тәсілдердің қолдануынан көрінеді. Бұл әдістер қарапайым, қолданыста тиімді және адамның үш қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни: адамның әлеуметтік топтасуға қажеттілігі, құрылым ішіндегі беделді болуға талпынысы және қоршаған ортаға деген маңыздылығы. Адамның осындай үш қажеттілігінен туындаған әрекеттер дәстүрлі емес діни ағымдардың сізді өз жақтарына баурап алуының оңайланған құралы.

Кез келген тұлғаны немесе бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі. Адам ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады. Оның сыры неде?

Бейімделгіш ұйымның ең түсініксіз жері мынада: жеке тұлға, бір топқа айналғаннан кейін ортақ жүйеге, бір мақсатқа бойұсынады. Осылай олар өздерінің ойлау қабілеттерін ұмытып, осы өздері кіріп кеткен ұйыммен бірдей ойлай бастайды. Зерттеушілер осы ағымның іс-әрекеті мен психологиялық жағдайына да сипаттама береді. Осы орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады. Мұндай жағдайда, жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал. Себебі, ол өзін шексіз күшті сезінеді.

Қазақстанда діни ағымдардың еркін таралуы мен олардың қатарының күн санап өсуінде халықтың, әсіресе жастардың құқықтық және діни сауатының төмендігі үлкен ықпалын тигізіп отыр.