Павлодар қаласы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Г.М. Раздықованың кіріспе сөзі

Құрметті сайтқа келушілер! «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС ресми сайтына қош келдіңіздер!

Біздің Орталықтың мамандары діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алумен, діни экстремизмнің және жалған діни бірлестіктердің деструктивтік қызметінен зардап шеккендерді оңалтумен, Павлодар облысындағы діни жағдайдың талдауымен және мониторингімен айналысады. Осындай қиын міндеттерді орындауда оларға теолог-сарапшылар, дінтанушылар, психологтар және басқа да мамандар көмекке келеді.  

Біз кез келген ұйымның қызметі жеке тұлғаны, отбасын, қоғам мен мемлекеттің құрылымын бұзу идеясына бағытталған болса, бұл ұйымның қауіптілігін адамдар білу керек деген қағидатты басшылыққа аламыз. Оңалту жұмысы қиын да көп күш-жігер жұмсауды талап ететін үдеріс. Дегенмен де біз Сіздерді қызықтырған барлық сауалдарға жауап беруге әзірміз.

Біз деструктивтік және жалған діни ықпалдардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз!