Гульназ Максутовна Раздыкова: Дала өлкесі қазақтарының діни синкретизмі

 649

Қазіргі Қазақстанның аумағына исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылған үдеріс болды. Бастапқыда мұсылмандық Қазақстанның оңтүстік аудандарына өтті. Х ғасырдың соңында ислам Жетісудың және Сырдарияның отырықшыл тұрғындарының арасында бекіді. Ислам Жетісуда Х ғасырда пайда болған түріктердің Қараханидтер империясының діні болды. Орта ғасырларда исламның таралуы моңғол шапқыншылығына байланысты саябырлады. Алайда Орта Азия жағдайларында моңғол тайпалары өз тілдері мен рухани мәдениетін, соның ішінде дінін жоғалтып,жергілікті этникалық тұрғындармен ассимиляцияланды.

Исламның дала көшпенділеріне ықпал етуінің басқа бір көзі – Волга маңындағы мұсылман мемлекеттер болды. Зерттеуші дінтанушылар Орталық Азияда ислам тұрмысқа әбден сіңіп кеткенін дәлелдеп, оны тұрмыстық ислам деп атады. Тұрмыстық немесе халықтық ислам – исламға дейінгі наным-сенімдермен едәуір «араластырылған» ислам. Бұл дегеніміз салттар, исламда, дәлірек айтсақ адамның туған сәттінен бастап о дүниелік болғанына дейін оның өмірінің «сценарийі» болып табылатын, тіпті «о дүниедегі өмірінің» алгоритмін белгілейтін шариатта жазылған тұрмыстағы мінез-құлық қағидалары.

Мұсылмандардың әдеттегі санасында мұсылман дегеніміз – осы сценарий бойынша өмір сүретін адам. Осыдан Орталық Азия тұрғындарының діншілдігі тұрмыстық ислам қағидаларын сақтауынан көрінеді деп тұжырым жасауға болады. Діншілдіктің көрсеткіші ретінде кез келген қағиданың біреуінің сақталуы алынады. Күнделікті нысандарымен және мұсылман салттарымен шектелген тұрмыстық ислам халық санасында исламға дейінгі дәстүрлердің ислам салттарымен араласуымен сипатталды. Исламдану кезеңінде көне пұтқа табыну сенімдері мен мұсылман салттарының араласуы өтті.