Добавить комментарий

Аватар пользователя Чингужанов Рауан

Мәзһаб деген ол шариғи үкімдердің топтамасы, ал Құран мен сүннет біреу болса неліктен төрт мәзһаб қалыптасқан және себептері неде дегенге келер болсақ: шариғаттың негізгі үкімдері (усуль) және қосалқы үкімдері (фуруғ) деп екіге бөлінеді. Ғалымдар арасында негізгі үкімге қатысты (усульда) еш еліспеушілік жоқ, мысалы намаздың парыз екендігінде, оның бес уқыт және ракағаттарына қатысты. Араларындағы айырмашылықтары қосалқы үкімдерге (фуруғқа) қатысты сұрақтарда. Ол да өз кезегінде мұсылмандардың географиялық орналасқан жерлеріне, салт-дәстүрлеріне, мәдениеттеріне байланысты. Олай болса мәзһабтар арасындағы негізгі айырмашылығы ретінде осыларды атауға болады себебі әр мұсылман өзіне тән ерекшеліктері болуы міндетті. Және шариғаттың негізі болған Құран мен сүннеттің мағынасын түсінуде Алланың құлдарына берген түсініктері де үлкен рөл ойнайды, алайда ол айырмашылық шариғаттың фуруғтарына қатысты.

Қазақстандықтардың ханафи мәзһабың ұстануларын жоғарыда айтылғанға негіздесек, көшпенді қазақтың салтына ең қолайлы, жылдың төрт мезгілі болатын берекелі жерге лайықты болғандықтан дегенге негіз бар.