Добавить комментарий

Аватар пользователя Дастанбек Кенесов

Уағалейкумассалам, Азамат. Сұрағыңызға рахмет. 

Мемлекеттің зайырлы сипаты дінді жоққа шығару болып табылмайды. Зайырлылық адамның діни сенімге бостандығын мойындап, діндарлықты адам болмысына тән сипат ретінде айқындайды. Бүгінгі еліміздегі зайырлылық адами құндылықтарды басты орынға қоюдан, ар-ұжданы мен сенім бостандығын еркін ұстануды заң тұрғысынан қарастыруынан көрінеді. Зайырлы мемлекет діни таным құндылықтарын мойындап, мемлекетке зияны тимейтіндей қалыпта діни сенімнен адам болмысына жағымды әсерлерді алуға шақырады. Зайырлылық діңгегі – мемлекет тарапынан дінді адамзаттың асылы құндылығы ретінде мойындауға, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлімен есептесуге тіреледі. Зайырлылық – азаматтарымыздың таңдау еркіндігі мен рухани ізденістің көптүрлілігін мойындау, ой-сананың сан салалы ізденіске бағытталғандығы мен діни тәжірбиенің деңгейлеріне назар салу. 
Қазақстан Республикасының діни саясаты, мемлекеттік-конфессионалды қатынастары жаһандану жағдайында әлі де қалыптасып келеді. Диссертациялық жұмыстың алдына қойылған мақсаты мен міндеттері діни жағдайдың қалыптасуына ықпал ететін сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени факторларға талдау жасап, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар мен жалпы зайырлылықтың үлгілерін қарастыруға бағытталды. 
Дін мәселесіндегі тарихи факторлардың қазіргі таңдағы әсері еліміздегі діни ахуалдың ерекшеліктерін нақты көрсетеді. Қазіргі кезде елімізде қалыптасып үлгерген ішкі саяси тұрақтылықтың алдағы уақытта да берік орнығуы көп жағдайларда мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп атқаратын жұмыстарына байланысты. Еліміздің тәуелсіздік тарихындағы алғашқы кезеңдер ел экономикасын өркендетуге жұмсалса, бүгінгі таңдағы жұмыстар негізінен саяси құндылықтарды барынша дамытуға бағытталуда.