Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заң жобасына кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


 2238

Бұл Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен болып жатқан заңға өзгерістер енгізілуін қолдаймын. Бұл үдерісте қоғамдық мүдделерге, оның ішінде қауіпсіздікті, бейбітшілік пен қоғамдағы өркендеуді сақтап қалу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау маңызды.

Ең алдымен, нәрестенің ата-аналары, яғни кәмелетке толмаған балаларына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Және де кәмелетке толмаған балаларға ғибадат, діни салт-жораларды ата-анасыз жасауға болмайды. Олар балаларды деструктивті және радикалды ағымдардан қорғап қалуды, сондай-ақ ата-аналардың өз балаларының рухани тәрбиесін арттырады. Діни мотивтерге байланысты вакцинадан, қан құюдан бас тартқан ата-аналарға айтатыным, бір жасқа толмаған нәрестелерде діни нанымдардың болуы мүмкін емес, осындай медициналық көмектен бас тартқан аналарға айыппұл салынуы мүмкін. Кейбір біздің азаматтарымыздың шет елдердегі діни білім беру мекемелерінде оқу кезінде радикалдандыру жағдайының артуын ескере отырып, мұндай оқытуды жеңілдету мәселесі өткір болып табылады.

Сондықтан, Қазақстан Республикасында жоғарғы рухани білім (діни) алғаннан кейін, біздің дәстүрлі дінімізді танығаннан кейін ғана, шет елдерде діни білім алуға рұқсат етілуі керек деп есептеймін. Себебі, тәуелсіздік алған жылдардан кейін кейбір жастарымыз шет елге діни білім алуға аттанып, кейін сол діни білім алып оралған азаматтарымыз өздері білім алған мемлекеттің менталитеті мен салт-дәстүрін өзінің әдет-ғұрпынан жоғары қойып үлкен адасушылықтарға бой алғыза бастады. Уақыт өте келе түсініспеушіліктер пайда болып, қоғамда өз ішінен бөлініп, жалпы жастардың діни дүниетанымы өзгеріп саналарына жихадизм, терроризм түсініктері пайда бола бастады. Бұл мемлекет пен елдің бірлігі, қоғамның қауіпсіздігі үшін ең қауіптінің бірі екендігі жасырын емес.