Онлайн-конференция с профессором ПГУ им.Торайгырова Зейнулиной Айман Файзоллаевной

 890

 

Прием вопросов завершен.

Комментарии

Здравствуйте Айман Файзоллаевна.

Какие моральные и духовные ценности нужно возродить нашему обществу?Какой вы видите современную девушку?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе, Марат!  Қоғамдағы мәдениет -  моральдік және рухани құндылықтардың дұрыс және ол отбасынан бастап дәріптеліп қолданылу қажет.Қоғамдағы ең басты рухани құндылық – адамгершіліктің жоғары болуы, үлкенді сыйлау мен құрметтеу, жат қылықтан аулақ болу, білімді болу, отбасы тәрбиесі дұрыс болу, жемқорлықтан бойды аулақ ұстау, салт - -дәстүрді дұрыс жүргізу. Қазіргі қыздардың тәрбиесі инабатты болу, білімді, денсаулығы мықты болу керек. Өйткені бүгінгі тәрбиесі дұрыс қыздар жақсы жар, асыл ана, әзиз әже болады.

что вы посоветуете почитать, какие книги, о традициях и нравственности казахского народа?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Қазақ халқының салт – дәстүрі туралы жазылған көркем әдебиеттер мен арнайы ғылыми еңбектер бар

М.Әуезов. «Абай жолы»,

Ж.Аймауытов «Күнекейдің жазығы», «Жеті қазына» 2001,

Қазақтың салт – дәстүрлері, А.,2005

Төлеубаева Г.Х. Қазақ және Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрып, салт-саналары (салыстырмалы-этнографиялық зерттеу). Астана 2010. т.б.

Сәлеметсізбе! Соңғы санақ бойынша әйелдің саны еркектерден артық екені белгілі болды. Осы көрсеткіш барлық қыз-келіншектердің сүйікті жар болып, бала сүю бақытына қол жеткізулеріне бөгет болып, тізесін құшақтап, жалғыз қалу қауіпін төндіруде. Осы мәселенің шешімі ретінде қандай тәілдер ұсынар едініз?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе, Марғұлан!

Иә, дұрыс айтасыз.Өкінішке қарай ондай статистика бар. Жалпы мен өз басым, тоқал алу мәселесіне қарсымын. Негізі қай жаста болса да қыз – келіншектерге тұрмысқа шығу кеш емес. Себебі ажырасқан, жесір қалған, некеде жолы болмаған, тіпті жасы келсе де үйленбей жүрген еркектерде толып жатыр. Осы азаматтар отбасын құрып жатса, аз да болса сіздің айтып отырған мәселе біраз болса да өз шешімін табар еді.

Cәлеметсіз бе құрметті Айман Файзоллақызы, қазіргі таңда, қоғамымызда қыздардың орны мен ролі біршама төмендеп бара жатқан сияқты. Айтады ғой, ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді, - деп. Әрине қоғамымызда қай заманда болмасын қыз баланың орны жоғары, ерекше болған, болады да. Бірақ менің көңілім толмай жүргені, қыздар өздерін жігіттермен бір сатыда тұрғанды қалайтын сияқты  немесе тағысын тағы өзге де жағымсыз қылықтарды соңғы кездері байқайтын болдым. Көпке топырақ шашпаймын әрине, бірақ бұл болашақ ұрпақтың ата-баба дәстүрінен алшақтауына алып келетіні сөзсіз. Сіз қалай ойлайсыз? Нарықтық заман, жанталас уақыт деп жүріп баға жетпес рухани байлығымыз, баға жетпес құндылықтарымызды балаларымыздың бойына сіңіруде қателіктер жіберіп отырған жоқпыз ба немесе  болашақ ұрпақты тәрбиелеу, қадағалау мәселесін екінші орынға ысырып қоймадық па? Осы сұрақтар бойынша сіздің ойыңызды білгім келеді.  

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе, Дәурен! Айтып отырған мәселеңіз өте орынды. Қазір қоғамда ұлдың да, қыздың да тәрбиесі туралы, тіпті отбасы тәрбиесі күн тәртібінен түспеу керек. Шынында да, тек экономикалық жағдайды ғана ойлап рухани адамгершілік дамуымыз кейінге қалдырсақ, адами құндылықтарымыз құрдымға кетері сөзсіз. Шетел ұғымы, өз ана тілінде сөйлемей,  менсінбей, өзге тілде шүлдіреу, түрлі секталарда басы қатып қаңғырып жүру, ар намыс ұжданы төмен болса, сөз жоқ, рухани дүние туралы айту қиын болады. Қысқасы,ата мен  әженің дұрыс тәрбиесі, отбасындағы әке орны мен ананың қатал тәрбиесі, ағаның бақылауы мен інінің ізеті,апайының ақылы мен сырынан осы сияқты әр туысымыздың тәрбиелік қарым – қатынасынан ұлағат алса, қазақтың қызы мен жігітінің тәрбиесі де мәдениетті болады деп ойлаймын.

Сәлеметсізбе! Той малын беру қазақ халқының салт-дәстүріне жатады ма?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе Айдана! Иә, қазақ халқының салт – дәстүрінде той малын беру деген бар. Әр отбасы өз балалары шаңырақ көтеру ниетінің алдында құдаласу кезінде шама шарқылары келгенше той малын атаған.

 Добрый день! Роль женщинщины в семье учитывая традиции и менталитет?  

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе, Зоя! Қай ұлт болсын отбасында Әйел адамның орны ерекше.  Біріншіден, әйел сол отбасының отбасылық және ұлттық дәстүрін жалғастырып, баласына мұра етіп қалдырушы тұлға. Әйел сол отбасының жаманын жасырып, жақсысын асыратын Әйел –Ана, келін түсірсе, мейрімді ене, ерін сыйлайтын жақсы жар, немересіне дұрыс тәрбие беретін абыз әже болу керек.

Какое место в семье, в обществе отводят национальные традиции и обычаи казахской женщине?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе Арай! Қазақ әйеліне қатысты көптеген салт – дәстүрлер бар. Бой жеткен қыздан бастап , асыл әже ғұмырына дейін араналған ырымдары, салт – дәстүрлері бар. Қазақ әйелінің сәлем беру дәстүрі, табақ тарту, дастархан мәзірі, қонақ күту, қырық үйден тыйым, балалардың дүниеге келуіне, тұрмысқа шығып, үйленуіне байланысты дәстүрлердің бәрін қазақ әйелі дұрыс және әдемі орындап келеді.

существует ли в казахских традициях "кража" невесты?если девушке "посчастливилось" быть украденой то что ей делать?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе,Алма! Иә қазақ салтында « қыз ұрлау» дәстүрі бар. Бұрын ол жігіттің әлеуметтік жағдайының төмен болуына байланысты болған. Қазір де бар. Дегенмен, қалай айтсада, қыз өзінің ұрланатынын білу керек. Қысқаша айтқанда, қыздың келісімі болу керек. Әйтпесе, адам ұрлау қылмысына жатады.

Здравствуйте. 
Попадаются разные публикации о моральном облике и духовном содержании казахской девушки... Одни историки пишут в основе воспитания девушки были совесть и стыд.На эту тему есть множество казахских пословиц:"Девушка без стыда и совести как пища без соли, невоспитанный юноша как конь без сбруи", "Честь и стыд дают возможность женщине стать возлюбленной" и другие... Девушка должна была быть скромной, уважать старших, никому не перечить, не перечить мужу и в основном на ее плечах лежала забота о домашнем хозяйстве.
Другие историки утверждают что казахские девушки всегда стояли особняком среди других азиатских представителей женского пола и отличались своим достоинством, независимостью, отважностью идругими похожими качествами.
Так что представляет из себя казахская девушка в традиционном контексте?Какой она должна быть в идеале?К чему должны стремиться современные казахские девушки?
Другой вопрос...а надо ли и должны они стремиться к возрождению в себе национальных традиций?глобализация достигла таких масштабов,что в приоритете главным стало потребительство. Национальная традиционность живет своей отдельной жизнью и уверенно переходит в плоскость фольклорной экзотики, и не только для иностранцев, но и для наших молодых людей. Все таки время какое, не 1965 год... Так как совместить современные реалии, в том числе погоню за материальными благами (а это не есть плохо) и традиционное содержание современного молодого человека? Может достаточно походов в музеи и воспоминаний бабушек?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе, Ринат!  Сіздің айтып отырған  қазақ қызына қатысты ойларыңызға толықтай қосыламын. Мен де бүгінгі заманға сай қазақ әйелі ретінде өмір сүріп жатырмын. Заман талабына сай білім алып жатырмын, ғалыммын. Отбасым бар. Шетелге шығамын. Еш жаңалықтан қалмауға тырысамын. Бірақ жаңа заман талабымен өз қазағымның салт - -дәстүрін де ұмытпаймын. Соны қатаң ұстанамын. Ендеше ұлттық салт – дәстүрдің дұрыстығы мен бұрыстығын терең біліп бүгінгі заман үндесімен өмір сүру қажет. Өйткені ұлттық құндылықтың басты критерийі – оның салт – дәстүрінің дұрыстығы мен ұрпақтан – ұрпаққа дұрыс жалғасуында.

Какое педагогическое значение вы видите в национальных традициях?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе, Жанна! Қай ұлттың болса да ұлттық дәстүрінің тәрбиелік мәні зор. Әсіресе қазақ салт дәстүрінде адамгершілік қасиеттердің барлық қырына мән – мағлұмат берілген. Адамның пәниден бақиға дейінгі кезеңіне арналған барлық салт – дәстүр мен ырымдарда педагогикалық мәні толық ескерілген. Мысалы,Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабында, Абайдың «Қара сөздерінен» оқып білуіңізге болады. «Қазақтың ырым – тиымдары» деген кітаптардан танысуға болады.

Здравствуйте уважаемая Айман Файзоллаевна, вы знакомы с разрекламированной книгой «Ситуативный казахский»?, автор Канат Тасибеков, он кстати, сам не так давно начал говорить на казахском языке. Насколько эффективна его методика?
Какие другие методики изучения заслуживают внимания?

Аватар пользователя Зейнулина А.Ф.

Сәлеметсіз бе, Алиш! Иә, ол оқулық курсымен таныспын. Оқу процесінде де пайдаланып көрдім. Әрине, жалғыз осы оқулықты ғана пайдаланып, қазақша сөйлеп кетпейсіз. Ол үшін ең бірінші ауызекі сөйлесім жағдайында жұмыс жасаңыз. Екінші – қазақтың әр сөзі бойынша түсіндірме сөздікті пайдаланыңыз. Себебі сөздің мағынасын түсінбесеңіз оны сөйлеу процесінде пайдалана аламайсыз. Омоним, фразиологиялық сөздіктер қолыңыздан түспесін! Сонда сөздік қорыңыз молаяды. Рахмет!