Меруерт Ташенова: Салт - дәстүр мен Ислам дінінің сабақтастығы

 700

Салт-дәстүр әр халықтың ұлттың мінезінен туындайды. Ислам дінін қабылдаған сансыз халықтың сенімі ортақ болғанмен, ұстанған дәстүрлері әрқилы. Қазақтың ұлттық болмысындағы дархандық, кішіпейілділік, бауырмалдық қазақ даласына Исламның келуімен тағы да әдемілене түсті. Бұл өз көрінісін ақындардың өлеңдерінде, жыраулардың жырларында көрсетіп, нақыл сөздерде қазақи көркем өрнектеліп жатты. Солардың кейбірін келтіре кетейік.

Қазақта "таспен атқанды, аспен ат"," көрші ақысы-тәңір ақысы", " қонақ келді- құт келді" т. б. моралдық құндылықтармен астасқан нақыл сөздер өз бастауын Құран мен сүннеттен алары хақ. Алысқа бармай қонақ күту жағын алар болсақ, қазақтың осы дәстүрі барша мұсылман халықтардан аса түсіп, шариғатты толық, кемел орындауының көрінісі десек артық болмас. Қонақты күтіп, қадірлеудің екі дүниелік табысы бар екенін хадистерден білеміз. Ал қазақ атамыздың "туыс-атадан, қонақ- Алладан" деп, қонағына "қонақкәде" беруі, "құдайы қонаққа" асығы алшысынан түскендей мәз болуы, қазақы дәстүр мен ислам құндылығының үндескен әсем бір көрінісі.