“Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы” ЖШС директоры Д.С. Әлімханов “Ирбис” телеарнасында
23 “Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы” ЖШС директоры Д.С. Әлімханов “Ирбис” телеарнасындағы “Дабыл” бағдарламасына қатысып, өзекті қоғамдық мәселелер төңірегінде пікір білдірді.
Бағдарлама барысында дәстүрлі мерекелердің, оның ішінде Наурыз мейрамының ұлттық болмысты сақтаудағы маңызы, Қазақстандағы зайырлы мемлекет қағидаттары мен дінге құрметтің өзара үйлесімі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтатын рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтар кеңінен талқыланды.
Сұхбатта ұлттық бірегейлікті сақтау, конфессияаралық татулықты нығайту және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.









