салафизм

Ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін жақсы білетін және ата-бабадан бері ұстанып келе жатқан дінінің басты принциптерінен хабардар адам ешқашанда өзге идеологияның ықпалына түспейді. Ол кез-келген жаңа ақпаратты ішкі сүзгіден өзкізіп барып қабылдайды. Теріс діни ағым өкілдері өте белсенді әрекет етуде. Олар ең алдымен адамның әлеуметтік, материалдық жағдайын анықтап, оның отбасында қандай проблемалар бар екенін анықтауға тырысады. Сөйтіп сол проблемалардың шешімін тауып беретіндігіне уәде береді. Сөйтіп өз қатарларын көбейтеді.