Гостевая книга

 99414

На этой странице Вы можете оставить отзывы о нашей деятельности и свои пожелания.

Благодарим!

Комментарии

7 сәуір Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінін ТМП-21 және П-22 тобының бірқатар студенттері Павлодар қаласы Ж.Аймауытов атындағы облыстық театрға «Адасқандар» қойылымың тамашалауға барды. Қойылым қәзіргі бүкіл дүние жүзінің қоғам дерті болып отырған діни экстримизмге бағытталған. Қойылым жастардын ақылына ой  салар көкіректерін жандаңдыратын ерекше қойылым болды.

Діни сектелар қәзірде өз дінін түсінбеген надандардын істеген істерінен  көбейіп отыр, жастарымыздын басқа теріс ағымына түспеуіне ерекшге үлесін қосатын көрініс  ерекше бағытта өтті, бабалар дәстүрін түсінбеген жас отбасы щетелге аттанып ақыры өкінішпен аяқталды, бұл көрініс қәзіргі қоғамнан алынған шындық. Қойылым жастардын діни ағымнын қандай екенін арты қандай өкінішпен аяқталғанын жиһад деп аттанған жастарымыздын ол жақтағы шындық бейнесін көрсетті. Жастарымыз көнілег тоқырлық жанға дауа болар ерекше насихат алып шықты.

Отзыв по семинару на тему «Привитие антирадикального иммунитета среди молодежи»

15 марта 2017 года в Мичуринской школе прошла встреча с учащимися 9-11 классов  на тему «Привитие антирадикального иммунитета среди молодежи» в рамках разъяснительной работы проведенной Асанбаевой З.О. В ходе встречи участникам рассказали об опасности влияния идей религиозного радикализма, о методах вербовки.

Данная встреча была очень познавательной, учащимся было интересно слушать лектора. Материалы, предоставленные для просмотра пробудили интерес к лекции, дети узнали много интересного и познавательного о вреде антирадикальных движений.

Діни ағымдар және лаңкестік мәселесі қазіргі қоғамда өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Әртүрлі ықпалдар кесірінен қазіргі жастар басқа ағымдарға ауытқып, беріліп жүргендері баршамызға мәлім. 9-сыныптарда оқытылатын Дінтану негіздері пәнінің балалар санасындағы рөлі жоғары, дегенмен, осы мәселелер аясында сырттан келген мамандардың балаларға берер мәліметі ерекше.

Аталамыш сұрақ бойынша Павлодар облысының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығынан келген мамандар 9-11 сынып оқушыларымен баяндама, әңгіме арқылы ақпарат жеткізумен қатар, сұрақ – жауап арқылы ойларын ортаға салды. Балаларға ерекше түсінік беру мақсатында бейне жазбалар көрсетілді. Мұғалімдер мен оқушыларға кітапшалар таратылды. Баяндама оқыған мамандарға айтар алғысымыз шексіз.

Павлодар ауданының Ефремовка ОЖББ мектебінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі С.Гапу.

9 марта 2017 года в Розовской школе прошла встреча с учащимися 9-11 классов  на тему «Привитие антирадикального иммунитета среди молодежи» в рамках разъяснительной работы проведенной Асанбаевой З.О. В ходе встречи участникам рассказали об опасности влияния идей религиозного радикализма, о методах вербовки.

Данная встреча была очень познавательной, учащимся было интересно слушать лектора. Материалы, предоставленные для просмотра пробудили интерес к лекции.

Как учитель религиоведения могу сказать, что учащиеся проявляют интерес к данной тематике, понимая, что данная тема не очень распространена в нашем селе, они знают, что в общем, эти знания помогут им не попасть под влияние различных группировок и течений. Самое интересное было то, что в видео материалах были показаны реальные люди и их сломанные судьбы. Благодаря таким беседам с детьми мы вместе можем помогать им, ведь никто не застрахован от подобных случаев и каждый человек может оказаться в разных ситуациях, но из любой даже очень сложной ситуации есть выход. Такие беседы помогают осознавать всю суть проблемы, и только так у молодежи будет прививаться антирадикальный иммунитет, ведь это основа противостояния религиозному экстремизму и терроризму.

2017 жылы 13 наурыз куні Павлодар ауданы Заря орта жалпы білім беру мектебінде Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы келген Асанбаева Зайда Өмірбекқызының Ұйымдастыруымен өткізілген оқушыларға арналған семинар өте жақсы өтті. Мектебіміздің 9,10-11 сыныптарынан 54 окушы 3 мұғалім қатысты. Семинар екі тілде өткізілді. Семинарда видиороликтер корсетіліп, өмірден мысалдар келтірілді. Түсіндіру тілi балаларға жеңіл, түсінік күнделікті өмірмен байланысты болғандыктан балаларға ұнады. Осындай семинарлар көбірек ұйымдастырылса жастар арасындағы адасушылықтың алдын алуға үлкен мүмкіндік болар еді.

Заря орта жалпы білім беру мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Зардыхан Қарашаш.

Павлодар облысы Павлодар ауданы Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде 9-11 сынып аралығында Павлодар облысы Дін істер жөніндегі конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық түсіндіру жұмыс бөлімінің басшысы Асанбаева Зайда Өмірбекқызы әңгіме – сұхбат және лекция өткізді.

Қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтары мен оның қазіргі уақытты қолдануымыз қажетті екендігі түсіндірді. Басқа діннін айырмашылығы мен оның ақырында неге акеліп соғатынына мысалдар келтіріп, тақырып бойынша ақпараттық- түсіндіру матеиалдар жиынтығымен таныстырды. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға  дінге дегенрухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі ескеріп отырды Дін мәселелері бойынша заңнамалық негіздеменің 1-бап, 5- бап, 19-бап 22- бап жайлы шолып өтті.

Егерде көшеде немесе оқу орнына түскен сәттерінде басқа діни өзгерістерін көретін болсаңыздар, сенім телефоны 32-50-50 нөміріне телефон шалуларыңызға болады. Ол әрине тегін деген мәліметтерімен таныстырылды.

Менің ойымша үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып (интер.доска), оқушылардың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізді. Осындай қатары көбейе берсе деген пікірдемін. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруіңізге жазсын деймін.

Ұсыныс: Осындай іс-шаралар жиі жүргізілсе деймін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Алигожина Ж.Ж.

Подстепный қазақ ЖОББМ-нің

10ә сынып ата – аналары

Курсант Загозин Игорь

- Я считаю, что тематика данного мероприятия достаточно важна, нужно чтобы молодежь знала куда идет. Чтобы не было такого как в интернете говорят то, что квартиру дадут, машину дадут, чтобы не было такого. Думали своей головой. Я считаю данное мероприятие нужно проводить не только здесь, но и в школах, университетах. Потому что как было сказано 80% молодежи, они подверглись терроризму в силу возраста, так как нет опыта в жизни. Нужно наставлять их на правильный путь.

Хочу зайди на ваш сайт, посмотреть видео, как вы говорили про молодого человека, который с Экибастуза. Интересно посмотреть, почему случилась данная проблема, почему он пошел туда.

Курсант Калижанов Эльдар

- Послушали Вас, посмотрели очень полезно для нас, для молодежи, потому что в наше время очень много соблазнов, заманивают, как могут, проникают в сознание каждого. Запомнил ваш сайт, очень интересно, обязательно зайду.

Майор запаса Шамшиев Г.Б.

- Данное мероприятие надо проводить не только с курсантами и военнослужащими. Надо начинать их учить еще со школьной скамьи. Где-то с 5го класса, чтобы дети знали про деструктивные организации, и показывать ролики по телевизору. Информировать, не после когда осудили или посадили, а проводить почаще профилактические мероприятия.

Павлодар облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығына» Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің ұжымынан

   «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖСШ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Асанбаева Зайда Өмірбековна мұғалімдерге тренинг-семинар өткізді.   Мұғалімдерге қажетті әдістемелік көмек көрсетілумен бірге, жекелеген сұрақтарға байланысты жауап берілді. Семинар түсінікті ақпараттық түрде толық жабдықталып,  көптеген діни проблемалар қарастырылып, тығырықтан шығу жолдары түсінідірілді. Қазіргі заманда шиеленісіп тұрған діни проблемаларды шешуде,  осындай ұйымдардың көмегі зор. Үлкен алғысымызды білдіреміз.

Біздер үшін және басқа да әскери бөлімшелер үшін осындай іс-шаралар өткізгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.  

Діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу жөніндегі семинарлар біздің қоғам үшін пайдалы және өте қажет. Мен осы өткізілген семинардан кейін менің құрдастарым дәстүрлі емес діни ұйымдардың жетегінде кетпейді деп ойлаймын. Еліміздің болашақ қорғаушылары – біздер, жастар барлық қауіп-қатерлерді білуіміз керек. Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері бізге деструктивтік ұйымдардың алдауына түсіп қалмаудың жолдарын түсіндірді. Бұл өте пайдалы да маңызды ақпарат.

Павлодар облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығына» Павлодар қаласының Б. Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектеп ұжымынан.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында басым міндеттердің ішінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы іс-қимыл айқындалған. Бұл ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнаған, діншілдер мен атеистік көзқарасты ұстанған азаматтардың да құқықтары сақталатын және құрметтелетін зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес тұрғындарда діни сананың қалыптасуына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде әлемдегі жаһандану процесі мен шиеленісу әлеуетінің өсуі халықаралық және ұлттық қауіпсіздік ахуалына елеулі әсерін тигізіп отыр.

Павлодар облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖСШ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Асанбаева Зайда Өмірбековна Павлодар қаласының  Б. Момышұлы атындағы  №22 жалпы орта білім беру мектебінде 9-11 сыныптар аралығында өткізген кездесуінде, дінді жамылған экстремистік және террористік идеологияның таралу процесі соңғы уақытта іс жүзінде бүкіл әлемде ауқымды сипатқа ие болып отыр деп  Қазақстан әлемдегі сыртқы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты өзінің геосаяси жағдайына қарай, Орталық Азия өңіріне географиялық жағынан жақын Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі тұрақсыздыққа орай халықаралық терроризмге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірінде қалып отыр деп атап кетті.   Осыған байланысты Қазақстан Республикасы терроризм қатерінен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жүйесін әзірледі, оның тиімділігі біртіндеп арттырылып жатыр. Конфессияаралық және этносаралық келісім мен жастар мүддесін қорғауды, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік саясат жүзеге асырылуда. Сонымен қатар 8-9 сыныптар аралығында кездесуінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Зайда Өмірбековна бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни ағымдар мәселесі өткір болып отыр, көбіне дәстүрлі емес діндер ағымына жастар түсіп жатады және әртүрлі тоталитарлық секталар арбауына түсетіндер 14 жастан 22 жасқа дейінгі жастар деп атап өтті. Оқушыларға тусіндіру жұмыс барысында буклеттер таратып, мұнда берілген психолог пен сенім телефонына күмәнді мазмұндағы діни әдебиеттер мен өзге де ақпараттық материалдардың жаппай таралуы тап болғанда хабарласуды ұсынды. Елдің батысы мен оңтүстігіндегі қайғылы оқиғалар проблеманың өткірлігін көрсетті. Бұл ретте, аталған терроризм актілері негізінен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қарсы бағытталған болатына, біз деструктивтік және жалған діни ықпалдардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз тоқталып өттіп.

    Павлодар қаласы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Максутовна  Раздыкова Павлодар қаласының Б. Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде ұстаздар ұжымымен дәріс өткізу кезінде Қазақстанның жауапты органдарының, Ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтеріне қарағанда, діни саяси экстремизм және фанатизм Қазақстанда да бар, ал бұл әрекеттердің өкілдері хизбуттахриршілдер мен «Мұсылман бауырлары» ассоциациясы. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас болып басқа да мемлекет адамдарының әрекет етуіне түрткі болып, шара қолдануға мәжбүр етуіне деп айтып кеткен. Өйткені, халқының 60 пайызы мұсылман болып саналатын отанымыздың ендігі тағдырына исламның әсері мол болатыны анық. Елімізде ислам дінін ұстанушылардың көбейе бастауы бұл діннің принциптеріне ерекше назар аударып, жан-жақты талқылау қажеттігі сөзсіз. Ислам дінінде саяси – қоғамдық, рухани өмірдің барлық саласы қамтылған. Гүлназ Максутовна солардың бірі діни сенім және діни төзімділік мәселесі, ислами идеяларды өркениеттік тұрғыда қабылдап, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында қолдана білсек, біздің қоғамдағы біраз мәселелер шешімін табар еді деп тоқтап кеткен.

Біз Павлодар қаласының Б. Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектеп ұжымы Павлодар облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖСШ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Асанбаева Зайда Өмірбековна  және  Павлодар қаласы  Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Максутовна  Раздыковаға үлкен алғысымызды білдіреміз. Аталған бағыттағы тиімді ұйымдастырушылық, насихаттық, соның ішінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың әлеуметтік-экономикалық және өзге де тетіктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған деп танимыз. Қоғамдағы осындай өзекті мәселелерді шешуде осы аталған ұйымдардың көмегі зор.

Страницы

Добавить комментарий