Интернет желісіндегі мониторинг және қарсы насихаттау жұмысы бөлімі
Бөлім басшысы: Сабық Айнұр Жасыбайқызы
Сабық Айнұр Жасыбайқызы Павлодар облысында дүниеге келген.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Мәдениеттану» мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылдың қазан айынан бастап Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығында жұмыс істейді
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-өңірлік деңгейде Интернет-кеңістікпен байланысты тұрғындардың ради-калға қарсы иммунитетін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешенін өткізуді ұйымдастыру;
-ресми интернет-ресурста, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жүргізілетін қарсы насихаттау және мониторингтік жұмыстың тиімділік дәрежесін арттыру;
-Интернет-кеңістікте, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мониторинг пен талдау жүргізу шеңберінде өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру саласында уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдарға ықпал ету;
Бөлімде бөлім басшысы және 3 инспектор жұмыс істейді.
- Белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін «Шапағат» медалімен марапатталған;;
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрінің атынан еліміздің дін саласындағы және қоғамдық өміріндегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы белсенділігі үшін грамотамен марапатталған