Ислам тек діни білім алуға шақыра ма?

 14

Жауап: Дәстүрлі дін, білім, сенім болмаса, мәдениет құрау да мүмкін емес. Тарихта дәстүрлі дінге, білімге немқұрайды қараған мемлекеттер қанша алып болса да, ұзақ салтанат құра алмаған. Дәстүрлі ислам ғылым мен білім, мәдениет пен өркениеттің сарқылмас бұлағы екендігін әлем мойындаған. 

Дегенмен, жалған діни топтар мыңдаған жылдар бойы дінмен біте-қайнасып келген ұлттық қазыналарды жоққа шығарып, ширк, бидғат, харам т.б. сөздерін қолданып, ұлттық құндылықтарды, зайырлылықты, білім, мәдениет, тарих сынды дүниелерді үйренуді Исламға жат деп ұрандатып адастыруда. Мұның салдары діни фанатизмге соқтыруда. Ал Құран аяттарында білімді діни немесе зайырлы деп бөлмеген. Бөліп-жару жат діни ағымдарға тән дүние. 

«Зумар» сүресінің 9-аятында: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!» десе, «Мужадәлә» сүресінің 11-аятында: «Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен ғылым берілгендердің дәрежесін жоғарылатады» деген.

Пайғамбарымыз (с.а.у)  хадисінде:  «Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз» деп, білім алудың орнын нақтылап берген.

Источник: