Діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімі
Бөлім басшысы: Абитова Асия Рамзанқызы
Асия Рамзанқызы Абитова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің "Дінтану" мамандығын тәмамдады.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығында қызмет атқарады.
Миссиясы – Радикалдық, деструктивтік және тоталитарлық культттердің ықпалынан зардап шеккендерді психологиялық, құқықтық, әлеуметтік тұрғыда оңалту.
Бөлім мына бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- Диагностика;
- Түзету;
- Оқыту.
Діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің қызметі авторлық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
Оңалту блогында деструктивтік діни ұйымдардың ықпалынан зардап шеккен облыс тұрғындары қоңырау шалатын 62-01-01 сенім телефоны жұмыс жасайды. Содан кейін олар Орталыққа келіп, психологиялық, әлеуметтік, коммуниткативтік атаулы жеке көмек алады.
Атаулы оңалту жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстың түрлі нысандары қолданылады: әңгімелер, лекциялар, бейнетренингтер, олар түрлі әдебиет, бейнедискілер таратумен жүргізіледі.
Орталық базасында әйелдер мен балаларға арналған араб тілін үйрену курсы жұмыс жасайды. Сабақ аптасына екі рет өткізіледі.
ДҚОБ-да басшы және 4 инспектор жұмыс жасайды.