Ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімі

АТЖ бөлімінің қызметі  өңірлік деңгейде діни экстремизмге және жалған діни қызметке  қарсы іс-қимыл жасау мақсатында лекциялар, семинарлар, тренингтер, әңгімелер, кездесулер, радиолекциялар, конференциялар, флеш-мобтар және өзге ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын  өткізу арқылы  Павлодар облысы тұрғындары арасында діни антирадикалдық иммунитетті   дарытуға бағытталған.

Іс-шаралар Павлодар қаласы бойынша, сондай-ақ облыстың аудандарына, шалғай ауылдарына шығу  арқылы өткізіледі.

Семинарлар, конференциялар аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде өткізіледі.

Ағымдағы жұмыстардан басқа бөлім қызметкерлері  деструктивтік ұйымдар  ықпалының құрбандарын оңалту бөлімімен бірлескен жұмысты жүзеге асырады.

Қазіргі күні  деструктивтік ұйымдар  ықпалының құрбандарын оңалту бөлімімен бірлесіп, шетелдік жаттықтырушылардың көмегімен өткізілетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға дайындық жүргізілуде.

АТЖ бөлімінде бөлім басшысы және 4 инспектор жұмыс істейді.

Руководитель отдела по ИРР - Асанбаева Зайда Омербековна