Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні Абай атындағы ЖОББ мектебінде жастардың жалған діни ұйымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу мақсатында 9–11 сынып оқушыларына семинар өткізілді.

Павлодар облысының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Зайда Өмірбекқызы Асанбаева спикер болып сөз сөйледі.
Оқушыларға әртүрлі деструктивті ағымдарға интернет-жалдаудың қауіптілігі, әлеуметтік желілерде экстремистік мазмұндағы материалдардан қалай аулақ болу керектігі, өздерін және туыстарын олардың ықпалынан қорғау үшін қандай шаралар қабылдау қажет екендігі, психологиялық және теологиялық консультациялар алу үшін +7-7182-620101, +7-707-962-0101 сенім телефонының жұмысы туралы егжей-тегжейлі түсіндірмелер берілді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға әдістемелік материалдар таратылды.
Instagram: aqsuakimdigi