«Интернет кеңістігіндегі рухани қауіпсіздік»

 755

А.ж. 7 сәуірде Орталықтың қызметкерлері, діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің басшысы Абитова А. Р. инспектор Сабық А.Ж. Павлодар машина жасау колледжінің студенттеріне "Интернет-кеңістіктегі рухани қауіпсіздік" тақырыбында семинар–тренинг өткізді.

Кездесу барысында студенттерге деструктивті діни ағымдардың ықпалына қалай түспеу керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар, спикер Интернеттегі қауіпсіздік туралы ақпаратпен бөлісіп, бейнеролик көрсетті. Семинардың екінші бөлімінде "Иван Иванович" атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: семинарға қатысушыларға қауесеттер, мифтер мен өсектердің қалай пайда болатынын және оларды қалай жоюға болатындығын көрсету.