Сотталғандарға вакцинация жасаудан бас тартудың қауіптілігі туралы айтылды

 3015

Павлодардың түзету мекемелерінде  тұрғындарды вакциянациялаудың  мәселелері бойынша  лекциялар өткізілді. 

Іс-шараның ұйымдастырушысы – облыс ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы  мен тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Эпидемиолог-дәрігер  Райысова Қарлығаш Төлегенқызы  екі күн ішінде барлық колонияларда   жаппай эпидемиялардың пайда болуының себептері, балалар мен ересектерді вакцинациялау, инфекциялық  аурулардың алдын алу туралы  лекциялар оқыды.    

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  кездесулер  негізінен  экстремизм-мен және терроризммен байланысты қылмыстары үшін жазаларын өтеп жатқан  адамдар үшін өткізілді. Дәстүрлі емес ағымдар өкілдерінің  діни көзқарастары бойынша екпе алудан бас тартауы жиі кездеседі.   Бүгінгі күні Павлодар қаласы бойынша 400-ден астам бала ата-аналарының қарсылық білдіруіне байланысты екпе алмаған. 

Эпидемиология саласының маманы  тыңдаушыларға  Қазақстанда екпе-ден бас тартқандарға айыппұл салу шарасын енгізу жоспарланып отыр-ғандығы  жөнінде айтты. Кездесулер барысында  сотталғандарға ата-ана-ларының екпеден бас тартуынан көз жұмған, мысалы,  сіреспе (стобняктан) ауруынан қайтыс болған  балалардың  жағдайлары туралы бейнеролик көрсетілді.   

Сотталғандар әр түрлі ауруларға қарсы екпелер бойынша сауалдар қойып, маманның өз аузынан  толық жауаптар  алды.