Жаңа пікірді жазу
Гүлназ Раздықова: Әлеуметтік желілер діни пікірталастар алаңы болмауы тиіс!
Павлодар қаласы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.М. Раздықованың сұхбаты.
Гүлназ Мақсұтқызы, бүгінгі күні әлеуметтік желілерде мектептерде орамал тағу мәселесі қызу талқылануда. Әсіресе, Ақтөбе қаласында қар үстінде қара киім киген әйелдердің намаз оқулары туралы шыққан жаңалық таң қалдырды. Бұл құлшылық етудегі аса қажеттілік пе әлде қоғамға қарсылық көрсету ме?
- Әрине, дінге сену мәселелерінде үзілді-кесілді шешім жасауға болмайды. Біз орамал тағуды дәстүрлі исламның өкілдері де қолдайтынын жоққа шығармаймыз. Алайда, әлеуметтік желілердегі таластардың басты рухтандырушылары болып табылатын және мұсылмандардың құқықтарын жан-тәнімен қорғайтын идеологтарға қараңызшы. Осындай таластардың «идеологтары» өздерінің түсініктемелерінде шатасып жатады. Олар біресе уақыты келгеннен кейін әйелдер намаз оқуға мәжбүр болды, біресе мектептерде ормала тағуға салынған тыйымға көрсетілген қарсылық дегенді айтады. Әйелдер біреудің үлкен ойынында құрал болып отырғандықтарын, қауіпті адасушылықтың құрбаны болып отырғандықтарын түсінбейді. Әйелдердің өз идеологтарына көзсіз сенуініңбасты себептерінің бірі -қараңғылық.
Орамалдарға қатысты айтсақ, идеологтар біздің қоғамымыздың арасында іріткі салып,әйелдердің фанатизмін пайдаланып отыр деген пікірдемін. Дау-таластарды өршіте отырып, олар әйелдерді мемлекет тарабынан қатал саясаттың құрбаны болып отырған батырлар ретінде көрсетеді.
- Бұл қандай мақсатпен жасалады? Деструктивті ағымдардың идеологтары нені көздейді?
- Әрине олар қоғамның арасында алауыздық туғызуды көксейді. Бұл тіпті де діни құбылыс емес. Дінді бүркемеленіп, белгілі топтардың идеологтары адамдардың мемлекетке, үкіметке сенімдерін жою мақсатында оларды өз маңына жинайды. Біз зайырлы, өркениетті елде өмір сүріп отырғанымызбен,олар қоғамда қабылданған мінез-құлық нормаларын мойындамайды.Өздерінің шарттарын орындату мақсатында олар әрекеттерін тоқтатпайды.Егер олар бұрынырақ имамдар туралы өсектер таратса, қазір министрліктер мен үкімет туралы қатаң сын айтуға көшті. Бұл орайда қара киім киген әйелдер мың жыл бұрын қалыптасқан арабтардың киім кию дәстүрлерін жаңғыртуға тырысады. Тіпті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қара киімге қатысты тыйым салуын назарға алмайды.Сөз сыртқы атрибуттардың болуында емес. Ең бастысы, осындай идеологияға тартылған адамдардың қоғамға қауіп төндіруінде. Тұрақты көңіл толмаушылық, адамдар арасында іріткі салу – деструктивті ағымдардың белгісі болып табылады. Олар әлеуметтік желілерді «Көмектесіңіздер, мұсылмандардың құқықтары аяқ асты болып жатыр, намаз оқуға тыйым салынды» деп байбалам салуда. Өкінішке орай, ислам жолына жаңа ғана түскен адамдар оларға сенеді де, оларға аяушылық танытып, тіпті жақтаушылары болып шығады.
- Осындай оқиғаларға қатысып отырғанмектеп оқушылары - қыз балалардың психикасы үшін бұл қауіпті емес пе?
- Әрине, бұл баланың психикасы үшін өте қауіпті.Өкінішке орай, ата-аналар балаларды даулы ортаға итермелегенде, балалар осындай жағдайдың құрбандары болады. Тартыс-таластар мектеп қабырғасында аяқталмайды, өйткені ата-аналар бұл жағдайды отбасында да талқылап, өршіте түседі, сондықтан да балалар психолгиялық жарақат алады. Және де тәжірибе көрсеткендей, ата-анасының діншілдігіне «тойған» балалар өсе келе әке-шешелерінен алшақ кетеді.Қоғамның әлеуметтендірудегі рөлін ешкі жоққа шығара алмайды. Балалар ата-аналарынан гөрі өз заманына көбірек ұқсайды» деген жақсы бір дана пікір бар. Бұл дегеніміз – мінез-құлықтың генетикалық ерекшеліктерінен гөрі әлеуметтендірутұлғаның қалыптасуына басымырақ ықпал етеді деген сөз.
Біз шариғаттың әйелдер беті мен қолдарынан басқа денесін қымтап жүру керек деген канондарын жоққа шығармаймыз. Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының нұсқаулары бар. ҚМДБ нұсқаулары Қазақстанның барша мұсылман қауымы үшін қоғамдық және діни бағдар болуы тиіс.
- Бірақ соңғы кезде кей әлеуметтік желілердің блогерлері «кимешек», «ақжаулықтыаналар» деген сөздерді қолданып жүр. Бұл олар радикалсыздандырылып жатыр дегенді білдіре ме?
- Сенгім-ақ келеді, бірақ мектепте орамал тағуға және көшеде намаз оқуға қатысты дауларғақатысты мәселелерді назардан тыс қалдыра алмаймыз.Басқа облыстарға қарағанда адептілерінің саны басым болып отырған Батыс Қазақстан облысында әріптестерімнің, теологтардың, имамдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өткізген жұмыстарының арқасында қазір ол жақта діни жағдай сауықтырылып, оң өзгерістер болуда.
Иә, соңғы кезде радикалдар өздерін азды-көптіпатриоттармыз деп танытуға тырысуда. Олар«такияны» жариялады. Бұл жайында бұрынырақ айтқан болатынмын. Яғни, идеологияларын сақтап қалу үшін өздерінің ұстанған діни сенімдерін бүркемелейді. Бірақ сонда да оларды тануға болады. Мысалы, егер ол біздің имамдарды сауаты төмен, зайырлы адамдарды, билік өкілдерін кәпірлер, кертартпалар, надандар деп атап, оларға деген жағымсыз көзқарасты насихаттап, дұшпандыққаүгіттейді.Бұл олардың балағаттап, қарсы шабуыл жасау тактикасы. Мен олар «ең жақсы қорғаныс - шабуыл жасау» деген қағиданы басшылыққа алады деп ойлаймын. Бірақ жағдайдың барлық парадоксы мынада:оларға ешкім шабуыл жасап жатқан жоқ. Олар сіз бен біз сияқты еліміздің азаматтары. Біз көтеріп отырған қоғамның проблемалары олар үшін де өзекті. Сондықтан да жасанды оқшаулану болмауы қажет.Сондықтан да мемлекетіміз,әсіресе дін саясатында, шешім қабылдау барысында, бірінші кезекте бүкіл қоғамның мүддесін ескереді. Сол себептен біз «дәнді арамшөптен» ажырата білуіміз керек.
Иә, олар өздерін мұсылмандардың қорғаушыларымыз деп көрсетеді. Ал шын мәнінде, олар - жат идеологияның өкілдері. Әлеуметтік желілер бұл орайда өте ашық та мөлдір. Қандай жағдайда болсын, кез келген постылар мен комментарийлер - адамның интеллектуалдық қызметінің өнімі.Әр түрлі никтарда бір адам ғана отырып, қоғамдық талқылауды көрсетуі мүмкін.Бір заңдылықты айтқым келіп отыр, осы адамдар әлеуметтік желілерде «өмір сүреді» деп айтуға болады. Яғни, олар кез келген уақытта өздеріне жақпаған комментаторды «жеп қоюға» дайын. Кей уақытта бұл басқа жағымсыз комментаторларға қырғиша шабуыл жасайтын командаға ұқсайды. Өкінішке орай, бізде әлеуметтік желілерде соншалықты айқын жұмыс жоқ, контрнасихат материалдары мен постылар және т.б. аздық етуде.Қазір әлеуметтік желілер ұрыс алаңы болып отырған кезде, біз осы жұмысты дұрыс жолға қоямыз деп ойлаймын. Мысалы, олар салафит мәтіндері, кітаптары мен демотиваторларға толған«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде белсенді жұмыс жасайды.
Негізінен бұлар тағдыры қайғылы Ибн Таймия мен Абд аль-Ваххабтың жолын қуушылар. Және де адамның міндетті түрде салафизм-вахабизмнің жолын қуушы болуы міндетті емес. Атап өткен жөн, көптеген деструктивті ағымдардың өкілдері Ибн Таймияның оқулықтары бойынша оқиды. Олардың көпшілігі біздің елімізде экстремистік жолды қуғандар деп танылып отыр.
Блогерлердің басым көпшілігі орыс тілділер. Өздерінің беттерінде олар мұсылмандар құқықтарын қорғаушы ретінде жазады. Олар болған жерлерде әрқашан ұрыс-керіс, жағымсыз жағдай орын алады. Ешқандай діни білімсіз, 2-3 кітап оқып алып олар имамдардың білімдеріне сын айтады. Олар дін қызметкерлерінің беделдеріне, дәстүрлі дінге, қазақ халқының салт-дәстүріне нұқсан келтіретін ақпарат таратады. Деструктивті ағымдардың идеологтары қазақстандық қоғамның адамгершілік салттарын құнсыздандыруға ұмтылады.
- Қай уақытта қарасаң да көптеген деструктивті блогерлер күні-түні желіде отырады. Олардың өшпенділік қызметі солардың жұмысы сияқты. Мүмкін олар еңбекақы алатын шығар?
- Әрине, сөзіңіздің жаны бар. Қоғамда іріткі салуды кәсіп еткендер және осы кәсібімен күндерін көретіндер де баршылық.Олар бір сәтті пайдаланып, қасақана дінге сенушілердің сезімдерін өздеріне бағындырады. Олар діннен алшақ, бірақ өздеріндінге шынайы терең сенетіндер етіп көрсетеді. Сондықтан да біздің дінге сенушілер олардың арандатуына түсіп қалғанын қаламас едім.
Кез келген адамды алдауға болады, әсіресе, алдаушы өзін құдайдан қорқатын пенде етіп көрсетсе. Сенім дегеніміз біздің санамыздың эмоционалды бөлігі. Адамның жайсыз эмоциясын туғызсаңыз, ол эмоциялар сыртқа шығады, сосын оны басқара беруге болады. Сирияға кеткен азаматтарымыз осындай ахуалға душар болғандар. Оларға әуелі исламның мәні бұрмалап көрсетілген, кейінне эмоцияға жол берілген, бірақ, өкінішке орай, кеш... . Мұндай сызбалар қарапайым болғанымен, мүдделі топтарға өте тиімді. Олардың өмірі неге ұшырағанын өзіңіз жақсы білесіз. Мен сотталған азаматтарымызға адамның санасын баураудың қарапайым тетіктерін түсіндіргенде, олардың айтатыны: «мұны бұрынырақ білмегеніміз қандай өкінішті».
Тәжірибе көрсеткендей, адамды жалдаудың бастапқы процесінде дін туралы әңгіме мүлдем көтерілмейді. Қармаққа түсірудің негізгі тақырыптары -әлеуметтік әділетсіздік, сыбайлас жемқорлық, аты-шулы сот процестері, қазіргі қыздардың моральдық бейнесі және өзге де ұқсас проблемалар. Әрине, әр адамның аталған мәселелер бойынша өз пікірі бар, сондықтан ол пікірталасқа түседі, бірақ оппоненттің пікірі әңгімелесушінің пікірімен қайшы келеді. Әңгімелесу соңында жалдаушы қарсыласынынң пікірімен келісетін сыңай танытады. Әңгімелесулер мәртебесінен олар бірге қатысушылар мәртебесіне ауысады. Осылайша, жағымсыз, жанды ауыртатын жағдайдан шығу жолдарын іздей бастайды. Мысалы, халифат құрып, исламның канондары бойынша өмір сүру. Дін мәселелері бойынша білімі таяз адамға барлығы «үш негіз» позициясынан ұсынылады.Әрі қарай жалдау процесі өрши түседі.
- Өкінішке орай, жалдаушылар өз маңына адамдарды көптеп жинай түсуде. Желіде ашық жұмыс жасайтын жалдаушыларға қатысты шара қолданатын кез келген жоқ па?
- Шынында да, бүгінгі күні адептілердің тұтас топтары әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жасауда,адамдардың санасын улап, өз қатарларына жаңа құрбандарды тартуда. Олар психикаға әсер етудің қуатты әдістерін қолданып, мінез-құлықтың:идеологиялық, философиялық, дінистереотиптерінқалыптастырып отыр. Мысалы, мектепте орамал тағуға қатысты мәселе желілерде үлкен резонанс туғызды.Адептілер әлеуметтік желілерде қызу талқылауға қол жеткізіп, адамдар елімізді қысым көріп отырған мұсылмандардың құқықтарын қорғау жөнінде пікірлер білдіреді. Міне, бұл радикалдардың адамдардың сезімінде ойнай білуінің бір мысалы.
Жаңа заң жобасында «діни радикализм» түсінігіне «тұлғаның өзге адамдарға діни ұйғарымдар мен догмаларды сөзсіз орындауды таңуды үндеулермен және іс-әрекеттермен сүйемелдейтін, діни көзқарастар мен сенім-нанымдарға ұшқары, ымырасыздықпен ұстанушылық» деген сипаттама берілген. Кейбір адептілердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлқын осылай сипаттауға болады. Сол себептен мен жаңа заң жобасында әлеуметтік желілердегі қоғамның діни және рухани салттарын жоққа шығаратын теріс насихатқа қарсы шаралардың қарастырылғанын қуана қабылдаймын.
-Татымды әңгімеңіз үшін үлкен рахмет!