Діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімі
Бөлім басшысы: Нұржамал Серікқызы Байбусинова
Нұржамал Серікқызы Байбусинова Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. «Педагог – психолог» мамандығы. ҚазМУФМТ магистрі. «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
2023 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді
Миссиясы – Радикалдық, деструктивтік және тоталитарлық культттердің ықпалынан зардап шеккендерді психологиялық, құқықтық, әлеуметтік тұрғыда оңалту.
Бөлім мына бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- Диагностика;
- Түзету;
- Оқыту.
Діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің қызметі авторлық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
Оңалту блогында деструктивтік діни ұйымдардың ықпалынан зардап шеккен облыс тұрғындары қоңырау шалатын 62-01-01 сенім телефоны жұмыс жасайды. Содан кейін олар Орталыққа келіп, психологиялық, әлеуметтік, коммуниткативтік атаулы жеке көмек алады.
Атаулы оңалту жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыстың түрлі нысандары қолданылады: әңгімелер, лекциялар, бейнетренингтер, олар түрлі әдебиет, бейнедискілер таратумен жүргізіледі.
Орталық базасында әйелдер мен балаларға арналған араб тілін үйрену курсы жұмыс жасайды. Сабақ аптасына екі рет өткізіледі.
ДҚОБ-да басшы және 4 инспектор жұмыс жасайды.