«Адасқандар» спектаклі
Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Адасқандар» спектаклінің көрсетілімі өтті. Оған Павлодар облысының әкімі Б.Бақауов, ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушылары, ЖОО студенттері мен Павлодар қ. оқушы жастары, ӘТМ курсанттары шақырылды.
Пьессаның сюжеті дәстүрлі емес діни ағымдарды жақтаушылардың үгіт-насихатына алданып, соғыс оты тұтанған Сирияның аумағына барған жас қазақстандық отбасының отанға оралуға деген талпыныстары мен қайғылы тағдырынан құрастырылған.