AIMOB конкурсының жеңімпаздарын наградтау

 236

«Жастар экстремизмге қарсы» форумы шеңберінде мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері арасында интернет-байланыс арқылы «Тәуелсіздік – біздің тірегіміз, тұрақтылық – мақсатымыз» тақырыбына AIMOB форматында өткен суреттер, бейнероликтер мен демотиваторлар конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс ағымдағы жылдың күзінде басталды. Жастар сайысқа белсенді қатысты. AIMOB-қа қатысушылар шығармашылық жұмыстарын өз парақтарында және #carmo2017_konkurs хэштегімен әлеуметтік желілерде жариялады.  

Жеңімпаздар: «Үздік сурет» номинациясында бірінші орынды дарынды балаларға арналған көпбағдарлы лицей-интернаттың 8 «А» сыныбының оқушысы Омарханова Рузалья жеңіп алды. 2-орынды С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Қасен Үмітжан иеленді. Үшінші орын ең кішкентай сайыскер, Арбиген орта мектебі 1-сыныбының оқушысы Нұрай Есжанның үлесінде болды. 

«Үздік демотиватор» номинациясында үшінші орынды Павлодар педагогикалық институтының студенттері Ахметова Шадияр, Гончарова Ирина жеңіп алды. Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенті Буркацкая Кристина екінші орында. Осы номинацияның жеңімпаздары болып ИНеУ студенттері Сливкина Алена Викторовна, Сёмочкина Мария Николаевна, Ломадзе Владислав Константинович танылды.  

«Үздік бейнеролик» номинациясында Жоғары политехникалық колледж студенттері Цупикова Алина, Асерчева Виктория, Перегуда Андрей үздіктер болып танылды, М.Әуезов атындағы №42 ЖОБМ оқушысы Куминов Павел екінші, ИнЕУ студентері Кусагалов Ақан, Раджабова Сахиба және Мұхсиын Дулат үшінші орынға шықты.  

Конкурстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.