Ақсу жастарының дінге деген көзқарасы...

 1015
Гүлназ Берікқызы Салтанова

Аталмыш тақырып аясында дәл бүгін «Нұр Отан» партиясы Ақсу қалалық филиалы мәжіліс-залында түрлі діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен мән-мағыналы кездесу шарасы өтті. Бұл кездесуге қаланың әртүрлі мектептерінің оқушылары, Жаяу Мұса және қара металлургия колледждерінің студенттері, жасыл ел мен жасотандық белсенді жастар қатысты.

Шара шымылдығын партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Айдос Оразалин ашып, сөз кезегін Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының бас сарапшы-теологы, Павлодар қалалық «Ақ мешіт» мешітінің бас имамы – Жолдас Бердімұратовқа берді. Өз сөзінде Жолдас Қоспақұлы жалпы жастардың жат ағымдарға түсіп кетпей, тура жолды нақты бағыт-бағдарына алуы үшін ең алдыме сана-сезімнің дұрыс болуы, рухани иммунинеттің жақсы қалыптасуы және әлбетте отбасы ошақ қасында алған оң тәлім-тәрбиесі бас орында тұруы қажет екендігін сөз етті. Сондай-ақ ғаламтордағы жат ағымдарға итермелейтін бұрыс ақпараттан сақ болып, барша жайт егжей-тегжейлі ой елегінен өткізу керектігін тілге тиек етті. Кейінгі сөзді Ақсу қалалық шіркеуінің өкілі – Иосиф Коблов алып, ол да жастарға ғибрат алардықтай баяндамасымен бөлісті.

Бұл кездесу шарасы мұнымен аяқтала қалған жоқ. Бұл ретте дін өкілдері қатысушылар тарапыпен ашық пікір алмасу форматына көшті. Яғни шаһардың белсенді жастары көмекейдегі сұрақтары мен сауалдары қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алуға тырысты. Осылайша партия қабырғасындағы ғибратқа толы бұл шара тамаша көңіл-күйде өз мәресіне жетті.