Ақтоғай ауданының тұрғындарына арналған көшпелі іс-шаралар

 1015

Радикалдық діни қауымдастықтардың пайда болуын, дәстүрлі емес діни сенімдер алаңының кеңеюін, шетелдік миссионерлік қозғалыс ықпалының күшеюін, сектанттық ұйымдардың әлеуметтік базасының, әсіресе жастар есебінен өсуін Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың дамуындағы неғұрлым өзекті үдеріс ден тану қажет.

Әсіресе, Қазақстан жастар арасында әр түрлі деструктивтік және жалған діни ұйымдардың – секталар мен культтердің ықпалының артып отырғандығын атаған жөн. Осы процестің қауіптілігі мынада: жастар үшін дін саласы әлеуметтік мінез-құлықты, қарым-қатынас жасау психологиясын, өмірге көзқарас философиясын реттейтін құнды бағыт болып қалыптасып келеді.

Ағымдағы жылғы 15-16 мамырда Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г. М. Раздықова және ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы М.Б. Жағыпаров Ақтоғай  ауданында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Сонымен қатар аудан тұрғындарына жалған діни ұйымдардың қоғам санасына тигізетін деструктивтік ықпалы туралы ақпарат жеткізілді. Дәстүрлі және дәстүрлі емес исламға қатысты мәселелер қаралды. Қазақстан Республикасының  дін мәселелері жөніндегі заңнамалық базасын түсіндіруге, CARMO-PVL.KZ, ISLAM.KZ, MUSLIM.KZ сайттарының және 32-50-50 сенім телефонының жұмысына айрықша назар аударылды. Кездесулер барысында фильмдер көрсетіліп, әдістемелік әдебиет таратылды.