АТТ-ға арналған облыстық семинар-тренинг

 1872

Ағымдағы жылғы 28 тамызда облыс орталығында ТҰРҒЫНДАРМЕН ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНШАЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЫҚПАЛ ӘДІСТЕРІ» тақырыбына облыстық оқыту семинар-тренингі өткізілді.

Семинар-тренингтің басты мақсаты – АТТ мүшелерінің  кәсіби білімдерінің деңгейін және дәстүрлі емес діни ағымдармен жұмыс дағдыларын арттыру, діни ұйымдардың мемлекеттік органдармен  өзара іс-қимылын талқылау. Іс-шара екіге бөлінді: пленарлық мәжіліс және секциялық жұмыс, онда тыңдаушылар бағыттар бойынша фокус топтарға бөлінді: 1) психолог тар мен теологтар үшін; 2) имамдар үшін 3) облыс АТТ мүшелері үшін.

Пленарлық мәжілісті облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов ашты. РАТТ сарапшы теологы  Иржанов Р.С. тыңдаушыларға дәстүрлі емес діни ағымдар таралуының алдын алу негізі ретіндегі   зайырлылық принциптері туралы әңгімеледі. ҚР Психологтары мен психотерапевтері қауымдастығының мүшесі Шакимова Л.С. террористік ұйымдар лидерлерінің жеке қасиеттеріне  тоқталды. Сондай-ақ тыңдау-шылар алдында  «Астана қаласы әкімдігінің  дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Аташев А.А. «Қарағанды облысы конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу және талдау орталығы» КММ бөлім басшысы Саматаев Р.А. сөз сөйледі.

Семинар-тренинг шеңберінде дін мәселелері бойынша ақпарттық-түсіндіру жұмысының үздік мүшесі атағына конкурс өткізілді. Красноармейка ЖОБМ ұстазы Дана Мырзабекова сайыстың жеңімпазы атағына ие болды.