Бас имам алғыс айту күнімен құттықтады
Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы ислам дінін дамытуға көп жылдар бойы еңбек сіңіріп келген бір топ әріптестерін алғыс айту күнімен құттықтап, сый-сияпаттар жасап, ақ дастархан жайды.
Әріптестер қатарында біздің Орталығымыздың директоры Гүлнәз Мақсұтқызы да құр қалмай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атынан Алғыс хатпен марапатталды. Бас мүфти асыл исламның абыройын асқақтату жауапкершілігін терең сезініп, сауапты істерге белсенді ат салысып келгенін атап өтті. Имандылық бағытында ізгі істері үшін алғысын айта кетті.
Орталық ұжымы атынан Гүлнәз Мақсұтқызын құттықтап, еңбек жолында табыс тілейміз!