Баянауыл ауданының тұрғындарына арналған көшпелі семинар

2017 жылғы 28 қыркүйекте Конфессияаралық қарым-қатыфнастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө., орталықтың теологы Қалдыбеков Н. С. Баянауыл ауданының тұрғындарына арналған көшпелі профилактикалық іс-шаралар өткізді. Сапар барысында Қараащы, Теңдік, Құндыкөл ауылдарының тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Асанбаева З.Ө, заманауи діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті проблемалары, адамдарды жалдау әдістері, соның ішінде интернет-ресурстар арқылы жастарды қатарларына тарту қауіптері жайында әңгімеледі
Теолог Калдыбеков Н. С. жалған діни ұйымдардың қоғам санасына деструктивтік ықпалына, дәстүрлі және дәстүрлі емес исламға қатысты мәселерге тоқталды.
Сондай-ақ лекторлар жастар мен тұрғындардың барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Семинарға қатысушыларға 32-50-50 сенім телефоны туралы айтылды, әдістемелік әдебиет таратылды, «Опасность интернет вербовки», «Чужая война», «О деятельности деструктивных культов», «Салафизм Қазақстан үшін қауіпті ме?» фильмдері көрсетілді.