Боулинг турнирі түрлі конфессиялардың қызметкерлерінің басын қосты

 1106

2017 жылғы 27 қыркүйекте «Batyr Mall» СОО-да Павлодар облысының түрлі конфессиялары арасында жыл сайынғы дәстүрлі боулинг турнирі өткізілді. Турнирді ұйымдастырушы – облыс дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.

Турнирдің мақсаты – конфессияаралық келісімді бұдан әрі нығайту, әр түрлі конфессиялар мен сенімдер өкілдері арасында достық қарым-қатынас орнату, салауатты өмір салтын насихаттау.

Аталған іс-шара Павлодар облысы дін басқармасының бастығы Д.Зәкәрияновтың құттықтау сөзімен ашылды.

Павлодар облысы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г. Раздықованың айтуынша, дін қызметкерлерінің спорттық кездесуінің нысаны кездейсоқ таңдалған жоқ. Спорт адамдардың басын қосып, біріктіреді. Түрлі конфессиялардың лидерлері қоғамда татулық пен келісімді сақтау- діннің басты мақсаты екендігін көрсету үшін бас қосады. «Қандай дінді ұстанатындығына қарамастан, адамдар бір-біріне құрметпен қараса, диалог құра алады»-деді Гүлназ Мақсұтқызы.

Турнирге діни бірлестіктері:«Ақ мешіт» Павлодар қ., «Павлодарская община Евангельских Христиан Баптистов», Римско-Католический Приход «Святой Терезы Младенца Иисуса», «Церковь Христиан Адвентистов седьмого дня города Павлодара», Христиан веры евангельской «Церковь Иисуса Христа» командалар қатысты.

Жарыстар соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Жарыстардың барлық қатысушылары  мұндай кездесулер денсаулықты жақсарту үшін ғана емес, түрлі конфессиялар мен діндер өкілдерінің достық қарым-қатынастарын нығайту үшін қажет деп, бірауыздан пікір айтты. Өйткені жылы шырайлы, достық атмосферада тіл табысу оңай ғой.