Дінге сенуші жастар арасында шағын футболдан IV турнир

 1233

Дінге сенуші жастар арасында спорт іс-шараларын өткізу дәстүрге айналды. Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы үш жыл қатарынан шағын футболдан турнир өткізуде.

2017 жылғы 20 мамырда Павлодар медицина колледжінің спорт алаңында Павлодар облысы жергілікті діни бірлестіктері өкілдерінің арасында шағын футболдан IV турнир өткізілді.

Турнирге 6 команда қатысты, олар: «Церковь Христиан Веры Евангельской «Новая Жизнь» командасы, Қасым Қажы мешітінің командасы (Павлодар ауылы), «Христиан веры евангельской «Церковь Иисуса Христа» командасы, «ЕХБ «Шындық» командасы (3-орын), «Ғазиз» мешітінің командасы (2-орын) және футбол жарысының жеңімпазы атанған Ақсу қаласы мешітінің командасы.

Турнирдің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, конфессияаралық келісімді нығайта түсу, түрлі сенімдер мен конфессиялар жастарының арасында достық қарым-қатынас орнату.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік кубоктармен, алғыс хаттармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.