Дінге сенуші жастар арасында шағын футболдан өткізілетін III турнир

 889

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Рухани келісім күні қарсаңында 2016 жылғы 1 қазанда №19 ЖОБМ спорт алаңында Павлодар облысының дінге сенуші жастары арасында шағын футболдан дәстүрлі ІІІ турнир өткізілді. Ұйымдастырушысы – конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.

Спорттық іс-шараға  5 команда: Павлодар қаласы мешіттерінің «Ақ мешіт» және «Ғазиз», Ақсу қаласынан «Ақсу 1» және «Ақсу 2» командалары және Павлодар қаласы методистер шіркеуінің «Надежда» командасы қатысты.

Турнирдің басты мақсаты  – салауатты өмір салтын насихаттау, конфессияаралық келісімді нығайта түсу, түрлі конфессиялар мен сенімдер жастары арасында достық  қарым-қатынас орнату.

Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов және  конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орта-лығының директоры Г.М. Раздықова құттықтау сөз сөйледі.

Турнирдің  жеңімпазы болып «Ғазиз» мешітінің командасы танылды, екінші орында «Ақ мешіт» командасы болса, үшінші орынды «Ақсу 1» командасы иеленді.  

Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер ескерткіш кубоктармен және жүлделермен марапатталды.