Дінге сенуші жастар арасында үстел теннисі бойынша өткізілген II турнир

 1579

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында «Астана» спорттық-сауықтыру кешенінде дінге сенуші жастар арасында үстел теннисі бойынша турнир өткізілді. Ұйымдастырушысы – облыс дін істері басқармасынынң Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.

Спорттық іс-шараға мұсылман дінінің, жергілікті діни ұйымдардың өкілдері, дінге сенуші жастар қатысты.

Турнирдің мақсаты – конфессияаралық келісімді нығайта түсу, әр түрлі конфессиялардың өкілдері арасында достық қарым-қатынас орнату, салауатты өмір салтын насихаттау.

Дін істері басқармасының басшысы Зәкәриянов Д.Қ. құттықтау сөз сөйледі.

Ысқақов Дәулет турнирдің жеңімпазы атанды. Екінші орынды Сейітханов Нұрболат, үшінші орынды Усин Фархат иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.