Дінге сенуші жастар арасындағы үстел теннисі бойынша турнирі

 1079

2016 жылғы 15 желтоқсанда «Астана» сауықтыру орталығында сенуші жастары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үстел теннисі бойынша турнир өткізілді.

Ұйымдастырушысы – Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.

Аталған іс-шараға мешіт және басқа діни ұйым өкілдері, дінге сенуші жастар қатысты.

Турнирдің мақсаты  – конфессияаралық келісімді нығайта түсу, түрлі конфессиялар мен сенімдер өкілдері арасында достық қарым-қатынасты орнату, салауатты өмір салтын насихаттау.

Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов және  конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орта-лығының директоры Г.М. Раздықова құттықтау сөз сөйледі.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамотамен және жүлделермен марапатталды.