Діни экстремизмге қарсы жұмысты жастар арасында жүргізу керек – Сарапшы

 226

Дін мәселелерін реттеу мемлекеттік органдардың халықтың әртүрлі санаттарымен үйлесімді жұмыс істеуін талап етеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ольга Қалдыбаева айтты.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елінде, оның ішінде Қазақстанда діннің қоғамға белгілі бір ықпалы бар. Еліміздің Конституциясында көрсетілген мемлекетіміздің зайырлы мәртебесіне қарамастан, бұл саладағы тұрақтылықты сақтау мемлекет тарапынан жіті назар аударуды және белсенді әрекеттерді қажет етеді. Әлемнің бірқатар еліндегі жағдайды ескере отырып, дін мәселелерін реттеу мемлекеттік органдардың халықтың әртүрлі санаттарымен профилактикалық және оңалту жұмыстарын үйлестіруін талап етеді, – деді Ольга Қалдыбаева.

11 қаңтарында сөйлеген сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі, оның ішінде діни саладағы жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Маман атап өткендей, белгіленген тапсырмалар аясында дін мәселелерін реттейтін тиісті мемлекеттік орган – Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі тиісті жұмыс тетіктерін әзірледі.

Мәселе халықтың радикалдану қаупі бар әлеуметтік осал санаттарымен мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту арқылы діни экстремизмнің, деструктивті діни ағымдардың алдын алу болып есептеледі. Бұл топтарға жастар, жұмыссыз азаматтар, кандастар кірді. Сонымен қатар АҚДМ-ның түсіндіру жұмыстарымен діндарлар мен деструктивті ағымдарды ұстанушыларды қамту да жоспарланған – деді сарапшы.

Сонымен қатар Қалдыбаева алдын алу шаралары интернет кеңістігіндегі ақпаратты неғұрлым мұқият талдау мен бақылауды көздейді деп санайды.

Желідегі радикалды діни мазмұнды анықтау міндетіне қоса, әлеуметтік желілерде діни экстремизмді насихаттауға қарсы мақсатты жұмыс жүргізу ұсынылады. Әлеуметтік желілердің негізгі қолданушылары жастар екенін ескерсек, қарсы үгіт-насихаттың нысандары мен әдістерін осы жасқа бейімдеу керек, – дейді Ольга Қалдыбаева.

Источник: