Діни экстремизмге және терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимыл

 1292

Ағымдағы жылғы 27 сәуірде  ақпараттық-түсіндіру жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы  Асанбаева З.Ө.  Павлодар қаласы  № 9  жалпы орта білім беру мектебінің 8-9 сыныптарының оқушыларымен «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимыл» тақырыбына кезекті про-филактикалық кездесу өткізді.

Ол қазіргі діни экстремизмнің және терроризмнің өзекті проблемалары, олардың  қатарына тарту әдістері, соның  ішінде  жасөспірімдер мен жастар арасында  интернет-ресурстар арқылы тартылудың қауіптілігі   туралы әңгі-меледі.  

Асанбаева З.Ө. жалған діни ұйымдар кейбір жағдайларда заңды бұзатындығына, адамдарды өз ұйымдарында ұстау үшін бопсалауды пайдаланатындығына назар аудартты.

Зайда Өмірбекқызы дін негіздерін білмеу үлкен адасушылыққа соқтыратынын ескертті. Оқушыларды өздеріне және жақындарына сақ болуға шақырды. Балаларға әдістемелік әдебиет таратылды және  «Опасность интернет вербовки», «Чужая война» фильмдері, «Сенім телефоны 32-50-50» ролигі көрсетілді.