Дінтанушы Қ.Құрманбаев Павлодарлық жамағатпен кездесті

 1283

ҚМДБ  Павлодар облысы  өкілдігінің ұйымдастыруымен  Павлодар қалалық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, «Ақмешіт» мешіті және «Ғазиз» мешітінде дінтанушы Қайрат Құрманбаевпен екі күндік уағыз-насихат жұмысы  ұйымдастырылды. Кездесулерге барлығы 300-ге жуық жамағат қатысты.

Белгілі дінтанушы, доктор  Қ.Құрманбаев түрлі тақырыпта уағыз айтып, ислам дінің дұрыс түсіну бағытында көптеген сауалдарға жауап берді.  Кездесу барысында Қайрат Құрманбаев  елде ынтымақ, бірлікті сақтаудың маңызына ерекше  тоқталды. «Ислам сөзінің өзі «бейбітшілік» деген мағынаны береді. Демек, ислам «қауіпсіздік», «алаңсыздық», «сәлемет», «амандық», «төзімділік» деген мағыналарға да саяды.  Исламның әлемдік дінге айналуының сыры да осында. Яғни, ислам адамзатқа  Алланың бар және бір екендігін, Аллаға ғана құлшылық жасау керектігін  дәріптейді. Сонымен бірге, адамдар, қоғам, мемлекет арасында тәртіп орнатып, бауырмалдықты жаңғыртады. Алланың алдында көркем мінезді тұлғалардың өзгелерден үстем болатындығын насихаттайды» деген ғалым исламның ауызбірлікті, ынтымақты сүйгіш дін екендігін баса айтты.

 Сонымен қатар  Қайрат Құрманбаевтан уағызға келген жамағаттар да өздерін мазалап жүрген кейбір сауалдарын қойып, кеңінен түсіндірген  жауаптар  алды.

Источник: