Екібастұз қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары

А.ж. 18 наурызда Екібастұз қаласында Екібастұз қалалық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинарда дәріскерлер ретінде сөз сөйледі : Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкәриянов, Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының (КҚТДО) ақпараттық-түсіндіру жұмыс бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева және КҚТДО-ның сарапшы-теологы Асхат Өтепов болды.
Семинарда ҚР аумағында тыйым салынған экстремистік және терро-ристік ұйымдар, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары сияқты мәселелер қаралды.
Ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелеріне әдістемелік және өзге де көмек көрсету КҚТДО қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қатысушылардың пікірінше, аталған семинарды ұйымдастыру АТТ мүшелерінің жергілікті жерлердегі кәсіби құзыреттілік деңгейін көте-руге мүмкіндік береді.