Ертіс ауданындағы семинар-тренинг
А.ж. 16 тамызда Ертіс ауылының аудандық кітапханасында Ертіс ауданынының діни мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері үшін семинар-треннинг өткізілді. Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімімен ұйымдастырылған семинардың қатысушыларына дәрісті дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов өткізді.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында радикалды діни идеялардың таралуына тосқауыл қою мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстарын жетілдіру.
Ауданның ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері әртүрлі нысаналы топтармен, әңгіме құру формалары, ақпараттық-әдістемелік оқу құралдары мен материалдарды тиімді пайдаланудың жаңа әдістерімен танысты.
Семинар қатысушыларына тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізгенде қолдану үшін көптеген ақпараттық-әдістемелік материалдар, бейнефильмдер, әлеуметтік роликтер ұсынылды.