Инфекциялық аурухана қызметкерлері үшін семинар

 1152

2016 жылғы 18 ақпанда облыстық инфекциялық аурухана қызметкерлері үшін тұрғындарды дәстүрлі емес діни ағымдарғы тартудың алдын алу бойынша семинар өткізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. қоғамда радикалдық діни ағымдар идеяларының таралуының мәселелеріне тоқталып, оларды шешу жолдарын атап өтті. Сондай-ақ медицина қызметкерлеріне деструктивтік культ сөзінің мәні, олардың белгілері мен жұмыстарының әдістері түсіндірілді.