Интернет кеңістікте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы онлайн семинар
Ү.ж. 20 мамырында облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған ZOOM платформасында «Интернет кеңістікте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың спикері - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Ж.Ә.Долиев.
Онлайн семинардың модераторы ретінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов болды.
Семинарда әлеуметтік желілер арқылы жастардың экстремистік діни ағымдардың ықпалына түсу қаупі туралы айтылды. Интернет-кеңістікте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша өткізілетін іс-шаралар талқыланды.
Соңында қатысушылар алынған ақпараттың пайдалылығы үшін алғыстарын білдірді.