«Ислам және зайырлы қоғам» атты облыстық конференция болып өтті

 1293

18 сәуір күні  Павлодар қалалық «Достық үйінің» мәжіліс залында  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі,  облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп»  мешітінің ұйымдастыруымен жалпы бұқараның қасиетті дініміз  Ислам туралы білімін арттыру мақсатында «Ислам және зайырлы қоғам» атты облыстық семинар-конференция болып өтті.

Семинар-конференцияның негізгі мақсаты мен міндеті – облысымыздағы ҚМДБ қызметкерлерінің (ЖУНТ мүшелері, мешіт имамдары) заманауи білімін жетілдіру, уағызшылар тобының кәсібилігін шыңдау, шешендік өнерді меңгеру, сонымен қатар психологияны игеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен қоғам болып күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, дінаралық татулық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.

Семинар-конференцияға  облыс, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары, облысымыздағы  Жергілікті уағыз-насихат тобының мүшелері (ЖУНТ),   дін жанашырлары, мешіт жамағаттарымен мешіт қамқоршылары кеңесінің мүшелері, облысымыздағы мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар,  ЖОО-ның профессорлары, тарихшылар мен қоғамдық сарапшылар, студенттер мен оқушылар өкілдері қатысады.