Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің дін мәселелері жөніндегі АТТ мұшелеріне арналған оқыту семинары

 208

2021 жылғы 30 қарашада ZOOM платформасында облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, діни дін өкілдері үшін «Қазіргі радикализм – ұлттық және рухани қауіпсіздікке төнген  қауіп»  тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

АТТ мүшелері жергілікті жерлерде түрлі конфессия өкілдері арасында конфессияаралық келісімнің және діни төзімділіктің белсенді идеологтары мен насихаттаушылары болып табылады. Орталық жұмысының бағыттарының бірі -АТТ мүшелеріне әдістемелік және өзге де көмек көрсету. Аталған семинарды ұйымдастыру АТТ мүшелерінің кәсіби құзыретінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Семинардың негізгі мақсаты - жергілікті жерлерде дін мәселелері бойынша АТТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін көтеру, соның нәтижесінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігі артады.

Семинардың спикерлері ретінде Нұр-Сұлтан қ. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ басшысы, заң ғылымдарының кандидаты А. З. Оразбаев «Қазақстандық қоғамды радикалсыздандыру мәселелері мен жолдары»,  Павлодар облысының бас имамы Ж. Қ. Бердімұратов «Талибан қозғалысы: тарихы және негізгі идеологиялық айырмашылықтар» тақырыптарында сөз сөйледі.