Қазақстан Республикасының Ішкі істері желілік бөлімдерінің бастықтарына арналған профилактикалық семинар

 1195

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл  - бүгінгі Қазақстандағы бірінші кезектегі маңызды мәселе. Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп жариялағанымен, үкімет діни қарым-қатынастарды реттеу мәселелерінен тыс қала алмайды, өйткені еліміздің тыныштығы мен сәттілігі осыған тәуелді.

А.ж. 1 маусымында  Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының сарапшы-теологы  Бердімұратов Ж.Қ. және діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің басшысы Сәтбаева Д.Е. ҚР ІІМ оқу орталығына келген Ішкі істердің желілік бөлімдерінің бастықтарына арналған профилактикалық семинар өткізді.

Семинарда діни экстремизм, жастарға ұлттық дәстүрлер бойынша тәрбиелеу мәселелері көтерілді. Лектордың айтуынша, деструктивтік діни ұйымдардың құрамына өтетін жастардың саны артып келеді. Олардың басаым көпшілігі Пәкістан және Сауд Арабиясы сияқты араб елдерінде исламды зерттеген. Олардың көзқарастары Қазақстан үшін  дәстүрлі исламға қайшы келеді дейді маман.