«Қазақстандағы қазіргі заманғы діни үдерістер: тегеуріндер мен үрдістер»
2024 жылғы 14 қарашада «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері үшін «Қазақстандағы қазіргі заманғы діни үдерістер: тегеуріндер мен үрдістер» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.Модераторлар ретінде облыс дін істері басқармасының басшысы Б. М. Қаппасов, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры Г. М. Раздықова сөз сөйледі.Семинар спикерлері: Жақиянов Д. Ж. - Діни ахуалды мониторингілеу және талдау департаментінің Конфессияаралық және дінаралық диалогтің халықаралық орталығының бас сарапшысы (Астана қ.), «Діни ахуалды мониторингілеу және талдау мәселелері» тақырыбында; А. Е. Мейірманова – «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ (Астана қ.) төрағасының орынбасары, «Радикалданудағы интернет пен әлеуметтік желілердің рөлі»; Синяков О.В. – Діндерді зерттеу орталығының (Астана қ.) мониторинг бөлімінің басшысы, «Қазақстандағы деструктивті діни ағымдардың қызметі» тақырыбында сөз сөйледі. Семинардың мақсаты: жергілікті жерлерде дін мәселелері бойынша АТТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін, дін саласындағы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру. Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.