«Қазіргі діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл»

 982

2016 жылғы 3 мамырда ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің басшысы  Асанбаева З.Ө.  Павлодар қаласы № 7 балабақшасының педагогтық ұжымымен және қызметкерлерімен профилактикалық іс-шара өткізді.

Ол күмәнді культттердің ықпалына түсіп қалмаудың жолдарын айтты. Жалған ұйымдар рухани тазалыққа әкелмейді, керісінше жеке тұлғаны өздерінің мүдделеріне қолданады, кейде қылмысқа дейін барады.   Сонымен қатар  жасөспірімдер мен жастар арасында  интернет-ресурстар арқылы тартылудың қауіптілігін, дін негіздерін білмеу үлкен адасушылыққа соқтыратынын ескертті.