Қазіргі діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл»

 1166

Бүгін, 2016 жылғы 13 мамырында  Павлодар қаласының №11 балабақшаның педагогикалық ұжымына және қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің басшысы  Асанбаева З.Ө . тыңдаушыларға  жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдарың жеткізді.

Жалған діни ұйымдар рухани тазартуға және мәңгілікпен бірге тоғысуға еш әкелмейді.Олар пайда көзі ретінде және қылмыс мақсаттарымен жеке тұлғаны өздерінің мүдделеріне қолданады, кейде қылмысқа дейін барады. Сонымен қатар  жасөспірімдер мен жастар арасында интернет-ресурстар арқылы өз орталарына тарту қауіптілігін, дін негіздерін білмеу үлкен адасушылыққа соқтыратынын ескертті.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға әдістемелік әдебиет таратылып, фильмдер мен роликтер көрсетілді.