Қазіргі заманғы діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері

 892

2016 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар облысы дін істері басқармасы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері, ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. және теолог Чингужанов Р.Ж. Павлодар бизнес колледжінің 1-курс студенттерімен «Қазіргі заманғы  діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбына кезекті алдын алу кездесуін өткізді.

Лекторлар толеранттылық сананы тәрбиелеу, діни антирадикалдық иммунитетті дарыту және айналадағы шындыққа сын көзімен қарауды дарыту рухани тұрғыдан жетіле түсуге, қазақстандық патриотизм сезімін нығайтуға ықпал ететіндігіне  тоқталды. 

Семинарға қатысушыларға әдістемелік әдебиет, буклеттер таратылып, бейнероликтер көрсетілді (сенім телефоны 32-50-50, сайттың мекенжайы: carmo-pvl.kz).