Қазіргі заманғы діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері

 1169

24 ақпанда «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры Г.М. Раздықова желілік полиция қызметкерлерімен кездесуде экстремистер және террористер қолданатын радикалдық идеологияның нысандары мен әдістері туралы әңгімеледі. Террористік және діни-экстремистік ұйымдардың идеологтары ақпараттық-психологиялық соғыста белсенді қолданатын  насихаттың негізгі әдістері – көзін жеткізу және иландыру.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың адептілері өздерінің уағыздарында этникалық және азаматтық біртектіліктен, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерден бас тартуға үндейді, әлеуметтік теңсіздік идеяларын таратады және конфессиялар арасында араздық туғызады.

Сонымен қатар экстремистік топтардың негізгі мақсаттары, белгілері, тыйым салынған дәстүрлі емес ұйымдар, ҚР дін мәселелері жөніндегі заңнамалық база туралы әңгімеледі.